Екпе егу

КГП на ПХВ «Поликлиника № 1 г.Усть-Каменогорска» УЗ ВКО

По адресу:

Пр. Ауэзова , 18

+7(7232) 48-91-57

+7778-003-71-43

Ул. Потанина, 4

+7(7232) 76-62-28

+7 (7232) 70-09-92

Ул. Протозанова, 1

+7(7232) 61-31-94

 
        
 
 
  портал управления здравоохранения
 
 
 ссылка откроется в новом окне
 
        
 
 
  задайте вопрос на сайте
 
 
                   .
 
        
 
 
 главным врачом и заместителем главного врача
 
 
                  

Новости 2024

07-03-2024
ПОЧТИ ПОЛВЕКА В ДИАГНОСТИКЕ: РЕНТГЕН-ЛАБОРАНТ ПОЛИКЛИНИКИ №1 ГОРОДА УСТЬ-КАМЕНОГОРСКА РАССКАЗАЛА О СВОЕЙ РАБОТЕ
ПОЧТИ ПОЛВЕКА В ДИАГНОСТИКЕ: РЕНТГЕН-ЛАБОРАНТ ПОЛИКЛИНИКИ №1 ГОРОДА УСТЬ-КАМЕНОГОРСКА РАССКАЗАЛА О СВОЕЙ РАБОТЕ

За 40 лет работы в «Поликлинике №1 г.Усть-Каменогорска» рентген-лаборант кабинета лучевой диагностики Елена Шерстобаева сделала тысячи чёрно-белых фотографий, проливающих свет на диагноз пациентов. Елена Александровна была наставником у многих молодых...

Подробнее »

 

Екпе егу

Екпе егу

Қазақстан Республикасында 2017 жылдың

24-30 сәуір аралығында Еуропалық екпе егу

аптасының өткізілуі туралы

Екпе егу- адамзатты жұқпалы аурулардан қорғау және алдын алу бойынша негізгі іс-шаралардың бірі, осыған орай Республикада, оның ішінде облыс аумақтарында 2017 жылдың 24-30 сәуірі аралығында Еуропалық Иммундау аптасы өткізіледі. «Вакциналар әрекет етуде!» атты ұранмен өткізілетін 2017 жылғы ЕИА іс- шараның негізгі бағыттары болып - барлық жастағы адамдарды жұқпалы аурулардан қорғауға көмектесу, тұрғындарды және медицина қауымын ,оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлеріне адам өмірінің барлық кезеңдерінде екпе егудің пайдасы мен маңызы, иммундық профилактиканың қауіпсіздігі, жұқпалы аурулардан қорғауда оның қажеттілігі және қоғам үшін екпе егумен толық көлемде қамтылмаудың салдары туралы хабардар ету.

 

Қазақстан Республикасындағы екпе егудің Ұлттық күнтізбесіне11 жұқпаға қарсы 9 жоспарлы егу кіреді: вирусты гепатит «В», туберкулез, күл ауруы, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, қызылша, қызамық, эпидемиологиялық паротит, пневмококктық жұқпа және гемофильдік жұқпа. Аурушаңдық деңгейінің күрт өсуі мен өлім-жітім жағдайларын болдырмау мақсатында тұрғындарға эпидемиялық көрсеткіштер бойынша да екпе егіледі: құтыру, бруцеллез, «А» вирусты гепатит, кене энцефалиті, лептоспироз, күйдіргі, туляремия және тағы басқалар.

Қазақстан екпе егу барлық тұрғындарға тегін және қол жетімді болып табылатын аз мемлекеттердің қатарында тұр. Жыл сайын біздің елімізде тұрғындарды екпе егумен қамту бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіліп, ол 95% және одан жоғары көрсеткішті құрайды. Екпе егудің жоғары деңгейін қамту-ұжымдық иммунитетті қалыптастырады, яғни екпе егу тек қана адамның өз денсаулығы ғана емес, қоғамның денсаулығына да әсер етеді(ауырған адам жұқпаның көзі болып табылады және басқа адамдарға да қауіпті болуы мүмкін).

Жыл сайын иммундықбиологиялық препараттарды өндіру жетілдірілу үстінде, жылдан жылға өндірілген вакциналарды балалар жеңіл көтереді, ал жаңа вакциналар өзінің иммунологиялық қорғау қасиеттерін сақтап қалуда. Екпе егудегі тағы бір тың серпіліс- « біріктірілген вакциналардың» пайда болуы, бір ғана екпемен сәбилерді 5-6 жұқпадан бірден қорғауға мүмкіндік бар, олар «екпе егуден кейінгі жағымсыз жағдайлардың» туындауын төмендетеді,ол сондай-ақ ата – аналардың вакцинаға деген оң көзқарасын қалыптастырады.

Көптеген ата-аналар балаларына «вакцина салдыру керек пе, әлде оның қажеті жоқ па?» деген күрделі таңдауды бастарынан өткізеді. Бір жағынан баланы жұқпалы аурулардан қорғау ниеті болса, екіншіден бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет желісіндегі негізсіз, жаңсақ пікірлерден кейін туындаған – екпе егуден кейін болатын өтпелі жағымсыз әсерлерден қорқу. Соған қарамастан әр ата-ана өздері бала кезінде жұқпаларға қарсы вакцина алған, қазіргі таңда соның арқасында олар көптеген жұқпалы аурулардан қорғалған.Екпе алу немесе алмау әркімнің өз шешімі,бірақ екпеден бас тарту кезінде жақсылап ойланып және жұқпалы ауруларды жұқтыру және аурудың асқыну қауіпін бағалау керек.

Интернет желісіндегі кездейсоқ, екпе егуге қатысы жоқ сауатсыз күмәнді ақпараттарға сенбей, кәсіптік санаты жоғары медициналық мамандардың кеңестерін басшылыққа ала отырып, соңғы шешім қабылдау керек.

Дамыған елдердегі көптеген адамдар екпе егудің тиімді жоспары бойынша екпе егу арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардың жойқын әсерлерін өздерінде сезінген жоқ, Аурушандық деңгейінің төмендеуіне байланысты кейбір адамдар ауруға қарағанда екпе егу кауіпті деп ойлайды,бірақ бұл ең үлкен жаңсақ ойлардың бірі болып табылады.

Қазақстанда егудің жүргізілмеуіне байланысты өткен жылдары күл ауруымен   көптеген адамдар ауырды, Республикада 1995 жылы 1105 адам ауырды,оның 66 өлім жағдайы тіркелді.

Есте сақтау керек, тұрғындарды екпе егумен толық көлемде қамтымау- жылдар бойы тұрғындар арасында жұқпаға сезімтал адамдардың көбеюіне әкеліп соқтырады, соның салдарынан жұқпалы аурулар бойынша аурушаңдық деңгейінің күрт өсуі туындайды.

Екпелер – медицина ғылымының сөзсіз жетістігі,соның арқасында көптеген адамдардың өмірін құтқаруға болады. Медицинаның жаһандық даму кезінде кейбір ауруларға ем табылмаған,оларға қарсы вакцина ойлап табылған.

Қазақстанда Иммунопрофилактика мемлекеттiк саяси деңгейде, өйткені халықтың эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге қабілетті және балалардың жұқпалы аурушыңдығын төмендетудiң ең тиiмдi тәсілдерінің бiрi болып табылады, бұл көп жылдық тәжiрибемен дәлелденген.

Екпе алу –ол әркімнің өмірге және денсаулыққа құқығы !Әркім- саналы таңдау жасайды!

Главная

О поликлинике

Государственные закупки

Информация

Государственные символы

ОСМС

Казахстан. 070004 Восточно-Казахстанская область, г. Усть-Каменогорск, проспект М. Ауэзова 18; улица М. Потанина 4
+7 (7232) 48-91-57, +7-778-003-71-43 Call-центр