«Ерте жастан балаларда психоәлеуметтік даму».

КГП на ПХВ «Поликлиника № 1 г.Усть-Каменогорска» УЗ ВКО

По адресу:

Пр. Ауэзова , 18

+7(7232) 48-91-57

+7778-003-71-43

Ул. Потанина, 4

+7(7232) 76-62-28

+7 (7232) 70-09-92

Ул. Протозанова, 1

+7(7232) 61-31-94

 
        
 
 
  портал управления здравоохранения
 
 
 ссылка откроется в новом окне
 
        
 
 
  задайте вопрос на сайте
 
 
                   .
 
        
 
 
 главным врачом и заместителем главного врача
 
 
                  

Новости 2024

07-03-2024
ПОЧТИ ПОЛВЕКА В ДИАГНОСТИКЕ: РЕНТГЕН-ЛАБОРАНТ ПОЛИКЛИНИКИ №1 ГОРОДА УСТЬ-КАМЕНОГОРСКА РАССКАЗАЛА О СВОЕЙ РАБОТЕ
ПОЧТИ ПОЛВЕКА В ДИАГНОСТИКЕ: РЕНТГЕН-ЛАБОРАНТ ПОЛИКЛИНИКИ №1 ГОРОДА УСТЬ-КАМЕНОГОРСКА РАССКАЗАЛА О СВОЕЙ РАБОТЕ

За 40 лет работы в «Поликлинике №1 г.Усть-Каменогорска» рентген-лаборант кабинета лучевой диагностики Елена Шерстобаева сделала тысячи чёрно-белых фотографий, проливающих свет на диагноз пациентов. Елена Александровна была наставником у многих молодых...

Подробнее »

 

«Ерте жастан балаларда психоәлеуметтік даму».

«Ерте жастан балаларда психоәлеуметтік даму».

«Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК ЖПД дәрігері

Имамалиева Муклиса Кочкартаевна

Психомоторлық мінез-құлық баланың басты даму аспектісі болып табылады, өйткені, ол белгілі бір өмір сүру кезеңінде баланың жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінде қалыптасуымен көрінеді.

Баланың дамуын бағалау үшін оның дағдылардың бірнеше типтерін қандай дәрежеде меңгергендігін көрсетеді, олар:

  • Қимылдық (немесе моторика) – тостағанды алып және ұстай білуі, қайда қоя білуі.
  • Әлеуметтік – тәрбиешімен жұмыс, тәрбиешіден көмек және мақтау күтуі.
  • Когнитивтік – сынама және қателік әдісімен үйрету, қай тостаған үлкен немесе кішкентай болып табылады, қай тостағандар бірінің үстіне бірі қойылған, қатар етіп қоюға бола ма, оларды орындау қарапайым болғанша, тапсырмаларды қайталау.
  • Эмоциялық – тостағандарды бірінің үстіне бірін қойылғанша тапсырманы жаңалап, жанадан орындау, бұл кезде ренжімей немесе өкпелемей; өзінің жетістігімен қамқоршы үлкендермен бөлісуге тырысу.

Бала дамуының анық және көрсеткіш индикаторы, қимыл дағдылары (демеусіз отыру, қолмен және тіземен еңбектеу, біреудің көмегінсіз тұру, біреудің көмегінсіз жүру, өз бетімен тұру, өз бетімен жүру), сөйлеу және естуді дамыту болып табылады.

Бала дамуында ауытқулар анықталған жағдайда, оны міндетті түрде білім беру немесе денсаулық сақтау жүйесінің бейіндік мамандарына одан әрі жан-жақты тексеруге жолданады.

Денсаулық жағдайын бағалау үшін, бала дамуындағы ауытқулар кезінде сипатын анықтауға және оларды түзетуде шешімдер қабылдау үшін баланың дамуын мониторлау және бағалау жүргізу қажет.

Медициналық қызметкер ата-аналарынан өз баласымен қалай ойнайтыны жәнесөйлесетіні туралы сұрағанда, кеңес беруге негізделген тәсілді қолдандық.

Сосын медициналық қызметкер жауабын тыңдап, позитивтік әрекетін мақтап және қажетіне қарай кеңестер береді.

Ата-аналары ақпарат алғанына және оны есіне сақтағанына көзін жеткізеді. Біз, бес кезеңнен тұратын, Бала жасындағы ауруларды кірігіп жүргізу (БЖАКЖ) стратегиясын қолдандық:

Сұраңыз және тыңдаңыз, мақтаңыз, кеңес беріңіз, түсінгенін тексеріңіз және отбасына мәселені шешуге көмектесіңіз. Ата-аналарды, медициналық ұйымға келіп әрекеттерді орындап көргенде және оларға кері байланыс көрсеткенде ынталандыру қажет.

БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ЖАСТАН ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОӘЛЕУМЕТТІК ДАМЫТУ

Бұл кезде келесі бағалау сұрақтары қолданылады: «Сіз өз балаңызбен қандай ойындар ойнайсыз?» және «Сіз олармен қалай сөйлесесіз?».

Ойын – балалар заттармен қарым-қатынаста болатын тәсіл, когнитивтік дамыту барысында жаңа дағдыларды меңгеруге тырысады.

Қатынасу – ата-аналар мен балалары бір-біріне дабыл жіберетін тәсіл, белгілерді, ымдар мен сөздерді қоса, әлеуметтік, эмоциялық және сөйлеуін дамыту.

«Ойнау» және «қатынасу» сөздері қолданылатын себептер мынадан тұрады, олар отбасыларына түсінікті болуы тиіс, техникалық түрде болмауы қажет және сонымен бірге қайырымдылық және қамқорлық сияқты түсініктер нақты бейнеленуі тиіс. Мысалы: 1-6 айлық балаларға арналған қатынасу жөніндегі нұсқаулар:

«дыбыстар шығарып және ымдар жасап, өз баласының қайталайтын дыбыстары немесе ымдарын келтіріп баламен әңгімелесуді бастаңыз», жақсы өзара әрекет қағидаттарының бейімделуі болып табылады және қамқорлығын, қайырымдылығын және эмоциялық алмасуын көрсетеді.

Кіші жастағы баланың когнитивтік дамуы үшін қайырымдылығы мен қамқорлығы талап етіледі.

Қамқорлық – тілектері мен тұтынымдары туралы белгі беретін, баланың дабылдарын, оның әрекеттері мен дыбыстарын түсіну.

Қамқорлық – баланың дабылдарына дұрыс әрі жағдайларға қарай әрекет ету қабілеттілігі.

Орындаған:

Консультациялық-диагностикалық бөлімнің аға медбикесі Н.Д. Павлова

Тел: 76-58-75

Келісілді: № 2 КДБ меңгерушісі А.С. Осколков

Главная

О поликлинике

Государственные закупки

Информация

Государственные символы

ОСМС

Казахстан. 070004 Восточно-Казахстанская область, г. Усть-Каменогорск, проспект М. Ауэзова 18; улица М. Потанина 4
+7 (7232) 48-91-57, +7-778-003-71-43 Call-центр