Коронавирустық инфекцияға (COVID-19) қарсы вакцинация
 
        
 
 
  портал управления здравоохранения
 
 
 ссылка откроется в новом окне
 
        
 
 
  задайте вопрос на сайте
 
 
                   .
 
        
 
 
  Задай вопрос главному врачу
 
 
 

 

Коронавирустық инфекцияға (COVID-19) қарсы вакцинация

Коронавирустық инфекцияға (COVID-19) қарсы вакцинация

Коронавирустық инфекцияға (COVID-19) қарсы вакцинация

Вакцинация от коронавирусной инфекции (COVID-19)

 

ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК-да «Спутник V», Hayat-VaxSARS-CoV-2препараттарын алғысы келетін тұрғындарға жалпылама вакцинация жүргізілуде.

 

Жасы 18-ден асқан ересек адамдар коронавирустық инфекцияға (COVID-19) қарсы профилактикалық вакцина алу үшін емханаға немесе онлайн режимінде вакцинацияға жазылу үшін ашылған жаңа қызмет - электрондық үкімет порталына жүгінуі тиіс.

 

Вакцинация жүргізер алдында температураны өлшеумен, эпидемиологиялық анамнезді жинаумен, сатурацияны, ЖЖЖ, АҚ өлшеумен, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялаумен, тексерумен және т.б. міндетті тексеру жүргізіледі, пациент хабардар етілген ерікті келісім нысанын толтырады. Дәрігер пациентті вакцинациядан кейінгі ықтимал асқынулар туралы ескертеді және пациентке ақпараттық материалдары бар жадынама береді. Вакцинациялауға келісім бланкісін толтырған және вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация арнайы оқытудан өткен медбикелер жұмыс істейтін егу бөлмелерінде жүргізіледі. Вакцина барлық қажетті стандарттарға сәйкес жасалады.Вакцинациядан кейін 30 минут бойы пациент вакцинадан кейінгі кабинетте медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Содан кейін емхана қызметкерлері вакцина алған пациенттерге қоңырау шалады, денсаулық жағдайы нақтыланады және пациент белгіленген кестеге сәйкес вакцинацияның екінші кезеңіне шақырылады. Вакцинацияның II кезеңін өткізу алдында температураны өлшеумен, эпидемиологиялық анамнезді жинаумен, сатурацияны, ЖЖЖ, АҚ өлшеумен, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйесін аускультациялаумен, жұтқыншақты тексерумен және т.б. маман дәрігердің қайта қарауы жүргізіледі, пациент хабардар етілген ерікті келісім нысанын толтырады. Дәрігер II компонентпен вакцинацияға қарсы көрсетілімдердің болмауын немесе болуын анықтайды.

 

Вакцинацияның II кезеңінен кейін пациент eGov Mobile-де цифрлық «вакцинация паспортын» ала алады.

 

Сондай-ақ вакцинация сұрақтары жөніндегі барлық ақпараттарды

 

8 (7232) 25 02 03; 8 778 280 75 77 телефондары арқылы алуға болады.

 

Біз барлығын вакцинацияға белсенді қатысуға шақырамыз.

 

Бұл бәрімізге шектеусіз өмірге оралуға мүмкіндік береді!

 

 

В КГП на ПХВ « Поликлиника № 1 г. Усть-Каменогорск» УЗ ВКО проходит массовая вакцинация желающих жителей препаратами «Спутник V», Hayat-VaxSARS-CoV-2.

 

Для того чтобы получить профилактическую вакцину от коронавирусной инфекции (COVID-19) взрослым старше 18 лет необходимо обратиться в поликлинику или на портал электронного правительства, где запустили новую услугу – запись на вакцинацию в режиме онлайн.

 

Перед проведением вакцинации проводится обязательный осмотр врачом с измерением температуры, сбором эпидемиологического анамнеза, измерением сатурации, ЧСС, АД, аускультацией дыхательной и сердечно-сосудистой системы, осмотром и т.д , пациентом заполняется Форма информированного добровольного согласия. Врач предупреждает пациента о возможных поствакцинальных осложнениях и выдает пациенту памятку с информационным материалом. К вакцинированию допускаются лица заполнившие бланк согласия и не имеющие противопоказаний к вакцинированию. Вакцинация проходит в прививочных кабинетах, где работают специально прошедшие обучение медицинские сестры. Вакцина делается с соблюдением всех необходимых норм. После вакцинации в течение 30 минут пациент находился в поствакцинальном кабинете под наблюдением медицинского персонала. После чего сотрудниками поликлиники ведется обзвон пациентов получивших вакцину, уточняется состояние здоровья и пациент приглашается на второй этап вакцинации согласно установленному графику. Перед проведением II этапа вакцинации проводится повторный осмотр врачом-специалистом с измерением температуры, сбором эпидемиологического анамнеза, измерением сатурации, ЧСС, АД, аускультацией дыхательной и сердечно-сосудистой системы, осмотром зева и т.д, , пациентом заполняется Форма информированного добровольного согласия. Врач определяет отсутствие или наличие противопоказаний к вакцинации II компонентом.

 

После IIэтапа вакцинациипациент может получить цифровой « паспорт вакцинации» в eGovMobile.

 

Также получить всю необходимую информацию по вопросам вакцинации можно по телефону 8 (7232) 25 02 03; 8 778 280 75 77.

 

Мы призываем всех принять активное участие в вакцинации.

 

Это позволит всем нам вернуться к жизни без ограничений!

 

 

 

 

 

Казахстан. 070004 Восточно-Казахстанская область, г. Усть-Каменогорск, проспект М. Ауэзова 18; улица М. Потанина 4
8 (7232) 405-710 Регистратура