Біз туралы

ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК ересектер мен балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін көпсалалы емдеу-диагностикалық мекеме болып табылады.

ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК «№1 балалар емханасы» КМҚК, «№2 балалар емханасы» КМҚК және «№5 отбасылық дәрігерлік амбулатория» мекемесін біріктіру арқылы 2013 жылы ұйымдастырылды.

Біздің медициналық ұйымымызда Әуезов даңғылы 18, Протозанов көшесі 1 және Потанин көшесі 4 мекенжайында орналасқан 2 филиал бар.

Қызмет көрсетілетін халықтың жалпы саны – 65 103 адамнан артық.

FaLang translation system by Faboba