2024 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ?

2024 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ?

2024 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ?

 

↪️ Жұмыс берушілер – қызметкер жалақысының 3️% төлейді

 

☝️ 25 500 теңгеден аспайды

 

↪️ Жалдамалы қызметкерлер жалақысының 2️% төлейді

 

☝️ 17 000 теңгеден аспайды

 

❗️ салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс

 

↪️ Дербес төлеушілер 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, яғни 4️250 теңге

 

↪️ Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5% төлейді, яғни 5950 теңге.

 

❌️ 2024 жылдың қаңтарынан бастап БЖТ болмайды

 

⁉️ Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар келесі тәсілдермен сақтандырыла алады:

 

✔️ жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу;

 

✔️ жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.

 

↪️ 2024 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды.

 

Бірыңғай төлем - жалақыдан ұсталатын 5 төлемді біріктіреді.

 

✔️ Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

✔️ Әлеуметтік төлемдер (ӘТ);

✔️ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС);

✔️ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар;

✔️ Жеке табыс салығы (ЖТС).

 

☝️ Бірыңғай төлемді жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнес өкілдері, жеңілдетілген декларация бойынша немесе арнайы салық режимдерінде жұмыс істейтіндер (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін) төлейді.

 

↪️ 15 жеңілдік санатына кіретіндер үшін жарналарды мемлекет төлейді.

 

✔️ 2024 жылы бір адамға айына 5852,63 теңге төленеді.

FaLang translation system by Faboba