Құтырма ауруын алдын алу жөнінде не білу қажет?
 
        
 
 
  портал управления здравоохранения
 
 
 ссылка откроется в новом окне
 
        
 
 
  задайте вопрос на сайте
 
 
                   .
 
        
 
 
  портал управления здравоохранения
 
 
 ссылка откроется в новом окне

Құтырма ауруын алдын алу жөнінде не білу қажет?

Құтырма ауруын алдын алу жөнінде не білу қажет?

Құтырма ауруын алдын алу жөнінде не білу қажет?

Құтырма — жануарлар мен адамдарда кездесетін табиғи-ошақтық ауру. Бұл дерттің өтуі жүйке жүйесіне ауыр әсерін тигізеді. Өкініштісі сол, науқастың басым бөлігі өлімге әкеледі (100%). Бірақ құтырма ауруын алдын алу іс-шараларын өткізу жолымен ескертуге болады.

Соңғы 5 жыл ішінде жалпы ҚР бойынша адамдар арасында құтырма ауруының 39 жағдайы тіркелді, оның 16-ы балалар (41,8%).

Құтырманың қоздырғышы –ғалым Луи Пастермен (1880 ж.) ашылған және зерттелген құрамында рибонуклеид қышқылы бар вирус. 

Құтырма таралуының негізгі көзі – қаңғыма иттер, мысықтар және жабайы аңдар.

Адамдар арасында құтырма ауруын үй жануарлары таратады. Әсіресе қаңғыма иттер, мысықтар және жабайы жануарлар қауіп төндіреді.

Құтырма ауруы қалай жұғады?

Ауру науқас жануарлардан адам ағзасына жануар тістеп алған жағдайда сілекеймен, тырнау және теріні сілекейлеу кезінде енеді. 

Вирус, зақымданған тері арқылы ағзаға енгеннен кейін жүйке талшықтары мен ұштарына бекітіледі, олардың ішіне енеді де, оның ары қарай жылжуы жүйке талшықтары мен жасушаларында өтеді. Құтырма вирусы жара арқылы жұлынға және миға енеді және онда көбейе бастайды.

Вирустың ағзаға енуінен және аурудың басталуына дейінгі уақыт, тістеу орнына байланысты, 20 аптадан, 6-12 айға дейін созылуы мүмкін.

         Әсіресе, басты, бетті, мойын, алақан мен саусақтарды тістеу жағдайлары қауіпті. Өйткені мұндай жағдайда клиникалық белгілер аз уақытта пайда болады және аурудың асқынуы жылдам болып келеді. Ал, киім жауып тұратын жерлер қауіптілігі мейлінше төмен аумақтар қатарына жатады.

Вирус сыртқы ортаға бейімделе қоймайды, ультракүлгін сәулелерге сезімтал, 1000С температурада жойылып кетеді. Осы кезде 20% сабын немесе йод ерітіндісін қолданса, жұқпа бір минуттың ішінде өледі.

Сондықтан да, мамандар, жануарлар тістеп алған жағдайда жараны дереу зарарсыздандыру қажеттігін айтады. Жараның бетін сабынды сумен шайып, оның жиегін 70% спиртпен немесе 5 % йод тұндырмасымен сүрту керек. Содан соң дереу дәрігерге барған жөн.

Сонымен қатар тістеп алған жануар иесінің Т.А.Ә., мекенжайын біліп алу қажет, тістеп алған жануарды өлтіруге болмайды, себебі, құтырма ауруын анықтау үшін, ол ветеринар дәрігерінің бақылауында 10 күн тұру қажет.

Дәрігердің тағайындаған екпелерін толық және үзіліссіз қабылдау қажет.

Жарақат жасаған жануармен не істеу қажет?

Адамдар немесе жануарларды қапқан иттер мен мысықтарды және тағы басқа жануарларды бірден ветеринарлық мекемеге мамандардың 10 күндік қарауына және бақылауына жеткізу қажет.

Кейбір жағдайларда мұндай науқастарды ветеринарлық мекеме рұқсатымен оқшаулауға тура келеді. Шектеу 10 күнге дейін жалғасуы ықтимал.   Жануарды өлтіруге тыйым салынады.

Науқас жануармен қарым-қатынаста болған барлық адамдар, антирабиялық екпелерді қабылдау үшін дәрігер көмегіне жүгіну қажет.

Жануарда құтырма ауруының қандай белгілері болады?

Құтырма ауруына шалдыққан иттер аурудың алғашқы күндері иесі шақырғанда дыбыс бермей үнсіз жатады, қараңғы жерге тығылуға ұмтылады, тәбеті бұзылады, кей кезде ашуы кернеп кетеді, кенеттен жүргіншілерге тап береді, жеуге жарамайтын заттарды жей бастайды (жаңқа, шүберек және т.б.).

Ауруға шалдыққан мысықтар агрессияшыл болады, көмей, жұтқыншақ бұлшық еттерінің сал болып қалуына орай дауысы өзгереді (қарлығу). Тамақты жұта алмайды, содан соң сал басады да өліммен аяқталады.

Кей кезде құтырма ең басынан сал түрінде болады: ауру жануар тыныш жатады, тамағын жұта алмайды содан соң өледі.

Жылқылар және қара мал басқа жануарларға және адамдарға шабуыл жасайды.

Қандай алдын алу іс-шаралары бар?

$1-         Ауру жануарлармен тістелген немесе сілекейленген тұлғалар медициналық көмекке дер кезінде жүгіну қажет;

$1-         Үй жануарларының ұсталуын бақылау;

$1-         Қаңғыма иттер мен мысықтарды аулау және жою;

$1-         Үй жануарларын қанғыма және жабайы жануарларының шабуылынан қорғау, иттерді, мысықтарды және басқа да жануарларды алдын алу вакциналау.   

         Әрбір босатқан күннің — сіздің денсаулығыңызға қауіпті екенін ұмытпаған жөн! 

 

Орындаған: №2 КДБ аға медбикесі Н.Д. Павлова

шаблоны joomla
Казахстан. 070004 Восточно-Казахстанская область, г. Усть-Каменогорск, проспект М. Ауэзова 18; улица М. Потанина 4
8 (7232) 405710