1 наурыз - елімізде Алғыс айту күні!

1 наурыз - елімізде Алғыс айту күні!

1 наурыз - елімізде Алғыс айту күні!

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекеде барша қазақстандықтар алғыс айту күнін атап өтеді.

Алғыс айту күні - бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл күні емделіп, аман қалған науқастар дәрігерлерге ерекше алғыс білдірді.

Осындай жылы лебіздердің бірі 3 учаскенің медбикелері Дария Темірханова, Майрагуль Шакиртованың атына келіп түсті.

«Өз жұмыстарына сондай тиянақты, ерекше мейірімді жандар. Қандай сауалмен барсақ та күлімдеп қарсы алады. Кішкентай сәбимен кезекте ұзақ күттірмей, жылдам, әрі тез қабылдап, жан-жақты қолдау көрсетіп отырады. Біз осы жандарға зор ризашылығымызды білдіріп, Алғыс айтамыз», — делінген жолданған хабарламада.

Сонымен қатар Өскемен қаласының тұрғыны Фимма Борисова өз алғыс сөздерін №1 Емхананың барлық ұжымына жолдап отыр.

Біз де өз кезегімізде пациенттеріміздің, келушілеріміздің жылы сөздеріне Алғыс айтамыз!

FaLang translation system by Faboba