ДЕНІ САУ ОТБАСЫ-САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ

ДЕНІ САУ ОТБАСЫ-САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ

«ДЕНІ САУ ОТБАСЫ-САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ»: ЕМХАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ.

Жыл сайын 15 мамырда Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі, бұл күнді 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекітті.

Оны өткізу отбасыларға қатысты мәселелерде хабардар болу деңгейін арттыруға және отбасылардың жағдайына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және демографиялық процестер туралы білімді тереңдетуге мүмкіндік береді.

«Отбасы-қоғамның негізгі элементі. Біздің әрқайсымыздың өміріміз осыдан басталады, онда жеке тұлғаның негізі қаланады, ол ұрпақтардың өзара әрекеттесуінің орталығы болып табылады. Отбасы қоғаммен бірге өзгереді, бірақ әрқашан қоғамның өзі салынған кірпіш болып қала береді. Біздің емханада Ашық есік күні өтті. Іс - шара барысында тіркелген тұрғындар үшін отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультацияларды дәрігер-терапевт және акушер-гинеколог жүргізді. Қатысушыларға репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша мамандар кеңес берді және денсаулықты нығайту үшін отбасы институтының рөлін арттыру қажет екендігіне үлкен мән берілді. Пациенттер өздерін толғандыратын барлық сұрақтарға толық, білікті жауаптар алды»,-деді акушер-гинеколог Ақмарал Киримбаева.

Әрбір отбасы өкілінің денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға арналған бағдарламалар аясында біздің емханада бірнеше негізгі бағдарламалық бағыттар – жаңа туған нәрестелерден қарттарға дейін, әйелдер мен ерлердің репродуктивті денсаулығы, жүктілік және сәтті босану, жаңа туған нәрестелерді патронаждау, жастарға кеңес беру, вакцинация арқылы жұқпалы аурулардан қорғау, алдын алу шараларын жүргізу, мақсатты топтарға арналған және т.б. іс-шаралар іске асырылып жатқанын айта кету керек.

 

FaLang translation system by Faboba