Халықаралық мейіргерлер күнімен

Халықаралық мейіргерлер күнімен

Құрметті мейіргерлер!

Сіздерді Халықаралық мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сезімталдық, шыдамдылық, жан жылуы және мамандыққа деген адалдық – бұл асыл жолды өмірдің басты ісін таңдағандарды сипаттайтын қасиеттер.

Біздің №1 емханада бүгінгі таңда тіркелген халқымыздың денсаулығын сақтау үшін 280 мейіргерлер еңбек етуде.

Өйткені, сіздер қажетті медициналық процедураларды, инъекцияларды, талдаулар алуды және дәрігерлердің басқа да тағайындауларын орындайсыздар.

Сіздің кәсібилігіңіз, біліктілігіңіз, жауапкершілігіңіз, кәсіпке берілгендігіңіз біздің медициналық ұйым қызметінің берік негізін құрайды.

Құрметті мейіргерлер! Осы мереке күні Сіздерге еңбекте табыс, амандық және мықты денсаулық тілеймін. Әрқашан оптимизм мен позитивті көзқараспен бірге жүріңіз!

Құрметпен, «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Айман Мырамытова

FaLang translation system by Faboba