КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ПОТАНИН КӨШЕСІ, 4 МЕКЕНЖАЙДА ОРНАЛАСҚАН № 1 ЕМХАНАНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

КГП на ПХВ «Поликлиника № 1 г.Усть-Каменогорска» УЗ ВКО

По адресу:

Пр. Ауэзова , 18

+7(7232) 48-91-57

+7778-003-71-43

Ул. Потанина, 4

+7(7232) 76-62-28

+7 (7232) 70-09-92

Ул. Протозанова, 1

+7(7232) 61-31-94

 
        
 
 
  портал управления здравоохранения
 
 
 ссылка откроется в новом окне
 
        
 
 
  задайте вопрос на сайте
 
 
                   .
 
        
 
 
 главным врачом и заместителем главного врача
 
 
                  

Новости 2024

07-03-2024
ПОЧТИ ПОЛВЕКА В ДИАГНОСТИКЕ: РЕНТГЕН-ЛАБОРАНТ ПОЛИКЛИНИКИ №1 ГОРОДА УСТЬ-КАМЕНОГОРСКА РАССКАЗАЛА О СВОЕЙ РАБОТЕ
ПОЧТИ ПОЛВЕКА В ДИАГНОСТИКЕ: РЕНТГЕН-ЛАБОРАНТ ПОЛИКЛИНИКИ №1 ГОРОДА УСТЬ-КАМЕНОГОРСКА РАССКАЗАЛА О СВОЕЙ РАБОТЕ

За 40 лет работы в «Поликлинике №1 г.Усть-Каменогорска» рентген-лаборант кабинета лучевой диагностики Елена Шерстобаева сделала тысячи чёрно-белых фотографий, проливающих свет на диагноз пациентов. Елена Александровна была наставником у многих молодых...

Подробнее »

 

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ПОТАНИН КӨШЕСІ, 4 МЕКЕНЖАЙДА ОРНАЛАСҚАН № 1 ЕМХАНАНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ПОТАНИН КӨШЕСІ, 4 МЕКЕНЖАЙДА ОРНАЛАСҚАН № 1 ЕМХАНАНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ПОТАНИН КӨШЕСІ, 4 МЕКЕНЖАЙДА ОРНАЛАСҚАН № 1 ЕМХАНАНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

Медициналық мекеменің ұжымы пациенттерді бұрынғы орнында және жаңартылған кабинеттерде қабылдауда. Емхананың өз зертханасы, ультрадыбыстық зерттеу, рентген кабинеттері бар.

Потанин көшесіндегі №1 емхана филиалын күрделі жөндеу рекордтық қысқа мерзімде аяқталды — ғимаратты ретке келтіру үшін мердігер ұйымға төрт айға жуық уақыт қажет болды.

Барлық үш қабат пен жертөле жөнделді, инженерлік-техникалық жабдықтар ауыстырылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді, желдету жүйелері жөнделді, автоматты өрт дабылы орнатылды.

-Көптен күткен сәт келді. Біз күрделі жөндеуден кейін емхананың филиалын аштық. Көп жұмыс атқарылды, біз бұған өте қуаныштымыз. Енді дәрігерлер  заманауи, жақсартылған жағдайларда жұмыс істейтін болады, ең бастысы, бізге бекітілген халыққа одан да сапалы медициналық көмек көрсете аламыз. Дәрігерлерге зор денсаулық, сәттілік және ризашылық білдіретін науқастар көп болсын деген тілек айтқым келеді,- деді Өскемен қаласындағы №1 емхананың бас дәрігері Айман Мырамытова.

Алғашқы келушілер емханада болған өзгерістерге өз  бағаларын берді. 

"Емхана танымастай өзгерді. Өте әдемі, жарық, таза. Өте жақсы", - деп атап өтті облыс орталығының тұрғындары. 

"Бүгін мен мұндағы өзгерістерге таң қалдым. Біріншіден, өте әдемі, жарық және жайлы. Екіншіден, ыңғайлы. Емханаға кірген кезде ілініп тұрған стендтерде қай кабинет қайда екені және қайда бару керектігі көрсетілген, барлығы түсінікті. Барлығы керемет", - дейді қала тұрғындары.

Толығымен жаңартылған ғимарат бұрынғыдан әлдеқайда жайлы, онда жайлы күту аймақтары, жағымды жарықтандыру пайда болды, емхана филиалының жаңартылған ғимаратында тағы бір маңызды жаңалық бар. Бұл - жастар денсаулық орталығы,  оның өзінің жеке кабинеттері, қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын физиокабинетті бар.

Сондай-ақ, бұл күні медициналық мекеме филиалының медицина қызметкерлері көп жылдық жұмысы үшін және мамандыққа адалдығы үшін алғыс хаттармен марапатталды. 

Айта кетсек, Өскемен қаласының №1 емханасы 65 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді, оның 33 мыңы-балалар.

Главная

О поликлинике

Государственные закупки

Информация

Государственные символы

ОСМС

Казахстан. 070004 Восточно-Казахстанская область, г. Усть-Каменогорск, проспект М. Ауэзова 18; улица М. Потанина 4
+7 (7232) 48-91-57, +7-778-003-71-43 Call-центр