МӘМС

ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК

Мекен жайымыз:

Ауэзова даң., 18

+7(7232) 48-91-57

+7778-003-71-43

Потанина көш., 4

+7(7232) 76-62-28

+7 (7232) 70-09-92

Протозанова көш., 1

+7(7232) 61-31-94

 
        
 
 
  Денсаулық сақтау басқармасының порталы
 
 
 сілтеме жаң терезеде ашылады
 
        
 
 
  сайтқа сұрақ қойыңыз
 
 
                   .
 
        
 
 
 бас дәрігер және бас дәрігердің орынбасары
 
 
                  

 

ОСМС

Бірқатар шетелдік азаматтарды емханаға тіркеу ережелері өзгерді

15 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады. Биыл еңбек мигранттары – шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгерді. Енді олар емханаға келісімшартпен немесе ЕРІКТІ медициналық сақтандырумен, сондай-ақ ЖҮКТЕЛГЕН медициналық сақтандыру шартымен барулары керек. Жаңа ережелер ағымдағы жылдың 14 тамызында күшіне енді. Өзгерістер жайлы ШҚО ӘМСҚ филиалында айтып берді.

Еңбек заңнамасы және Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты емханаларға тіркелу ережелері мен иммигранттарға медициналық көмек көрсету ережелері өзгерді. Бұйрықтарға енгізілген өзгерістер тек ЕАЭО-ға мүше елдердің (РФ, Беларусь, Қырғызстан, Армения) бірінің азаматтығы бар, ҚР-да уақытша тұратын шетелдіктерге – еңбек мигранттарына және олардың отбасы мүшелеріне (балалары мен жұбайларына) қатысты.

Жаңа қағидаларға сәйкес, бұл шетелдіктер емханаға ерікті медициналық шарт (ЕМС) немесе алғашқы медициналық-санитариялық және шұғыл стационарлық көмекке жүктелген медициналық сақтандыру шарты (ЖМС) негізінде тіркеледі. Кейін шарт жасасқан мерзімі өткен жағдайда медициналық ұйымнан автоматты түрде шығарылады.

Емханаға тіркелу үшін оның басшысының атына қазақ немесе орыс тілінде еркін түрде өтініш жазу қажет. Өтінішпен бірге жеке басын куәландыратын құжатты (немесе шетелдік паспортты), ЕМС немесе ЖМС шартын тапсырады. Олардың заңды өкілі өтініш берсе, отбасы мүшелерінің келісімі қоса берілуі керек. Өтініш беруші медициналық ұйымға өзі жүгіне алады немесе оны сақтандыру компаниясы жасайды. Тіркелуге болатын емханалардың тізімі шарттың қосымшасында (ЕМС немесе ЖМС) көрсетілуі тиіс.

Айта кету керек, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шартқа отырған алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелуге болады.

ЕАЭО шартында шетелдіктердің денсаулық сақтау саласындағы құқығы ғана емес, міндеттері де жазылған. Олардың қатарына ауруларды ерте анықтау үшін профилактикалық скринингтерден уақтылы өту, әйелдерді жүктілік бойынша уақтылы есепке қою (12 аптаға дейін), созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды динамикалық байқау және т.б. кіреді. Сондай-ақ, Қазақстанда уақытша тұратын шетелдіктер айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, республикада тұрақты тұратындарға ғана көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық көмек ала алмайды.

ҚР азаматтары, қандастар және ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін емханаға тіркелу тәртібі өзгеріссіз қалады.

Қордың www.fms.kz сайтындағы «Емхананы таңдау» бөлімінде тіркелуге болатын емханалар тізімімен танысуға болады.

 

 

МӘМС МӘРТЕБЕСІН HALYK, ЦЕНТРКРЕДИТ ЖӘНЕ KASPI БАНКТЕРІНІҢ ҚОСЫМШАЛАРЫНДА ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ

 

Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) енді банктің Halyk, ЦентрКредит Банкі және Kaspi Bank мобилдік қосымшаларында енгізілді.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде сақтандырудың мәртебесін тексерудің қолжетімді тәсілдерін кеңейту және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда.

 

Енді сіз мұны кейбір екінші деңгейлі банктердің мобилдік қосымшаларында жасай аласыз.

 

Алдыңғы 12 айдағы төлемдердің мәртебесі мен қолжетімділігін Халық Банкінің қызметі арқылы тексеруге болады. Ол үшін Halyk мобилдік қосымшасын орнату, авторизациялау, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімін таңдау, бұдан әрі "МӘМС" кіші бөліміне өтіп, ЖСН енгізу қажет. Halyk арқылы медициналық ұйымға тіркелу туралы мәліметтер де қол жетімді - "Мемлекеттік қызметтер" бөліміндегі "Анықтамалар" командасы арқылы, онда тұрғылықты мекенжайы, емхананың атауы, тіркелген күні және учаскенің нөмірі көрсетілген ақпарат көрсетіледі.

 

Алдыңғы 12 айдағы төлемдердің мәртебесі мен қол жетімділігін ЦентрКредит Банкінің сервисі арқылы да білуге болады. Мобилдік қосымшаны орнату арқылы BCC.KZ. оған кіріп, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімін таңдап, әрі қарай "МӘМС ақпараты" бөлімінде ЖСН енгізу қажет. Kaspi.kz

 

мобилдік қосымшаны орнату арқылы Kaspi Bank арқылы да сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Авторизациядан кейін "Мемлекеттік қызметтер" бөліміне кіріп, "МӘМС мәртебесін" таңдау керек.

 

Соңғы 12 айдың төленбеген кезеңдері болған жағдайда банктердің қосымшаларында олар үшін жарналарды төлеуге болады. Төлемдерді тексергеннен кейін "Сақтандырылған" мәртебесі беріледі.

 

Естеріңізге сала кетейік, сіз өзіңіздің мәртебеңізді келесі ақпараттық қызметтер арқылы тексере аласыз:

* Qoldau 24/7 мобилдік қосымшасы

* Ресми сайт fms.kz

* @ SaqtandyrýBot Telegram-да

* Байланыс орталығы 1414

* Damumed мобилдік қосымшасы.

 

 

 

ТІС ЕМДЕУ КІМДЕР ҮШІН ТЕГІН?

МӘМС бойынша сақтандырылған азаматтарға дантинст қандай жағдайда тегін көмек көрсетуі тиіс?

ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙДА:

КІМДЕРГЕ?

1 - 18-жасқа дейінгі балалар

2 - жүкті әйелдер

3 - ҰОС ардагерлері

4 - зейнеткерлер

5 - 1,2 және 3 топтағы мүгедектер

6 - «Күмiс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерінің иелері

7 - Атаулы әлеуметтік көмек алушылар

9 - Мүгедек балаға немесе бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар

КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕК ТҮРЛЕРІ:

✔ жансыздандыру

✔ салманы дайындау және орналастыру

✔ жансыздандыру арқылы тіс жұлу

✔ периостотомия

✔ абцесті ашу

⁉ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ:

КІМДЕРГЕ?

18-жасқа дейінгі балалар

жүкті әйелдер

КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕК ТҮРЛЕРІ:

жансыздандыру арқылы тіс жұлу

салманы дайындау және орналастыру

Мектептер бойынша тегін көмек оқушылардың көзі тексеріледі:

✔ауыз қуысын тексерістен өткізу

✔ жарықтарды жабу (тістердің беткейінде орналасқан табиғи ойықтар)

Басты бет

Емхана жайлы

Мемлекеттік сатып алу

Ақпарат

Мемлекеттік рәміздер

МӘМС

Казахстан. 070004 Восточно-Казахстанская область, г. Усть-Каменогорск, проспект М. Ауэзова 18; улица М. Потанина 4
+7 (7232) 48-91-57, +7-778-003-71-43 Call-центр