ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК
Ауэзова даң., 18
+7(7232) 48-91-57
+7778-003-71-43
Потанина көш., 4
+7(7232) 76-62-28
+7 (7232) 70-09-92
Протозанова көш., 1
+7(7232) 61-31-94
Құрметті пациенттер! Медициналық қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса, Әуезов даңғылы 18, 203а каб. Протозанова 1, 1 каб. Потанина 4, 6 каб. мекенжайы бойынша немесе ☎️ 8 (7232) 25 17 49 ☎️ 8 (771) 524 43 46 телефоны арқылы...
Read more☎️ +7(7232) 489 157; ☎️ +7 778 003 71 43 Сіз мұны істей аласыз, егер: Учаскелік дәрігердің немесе арнайы маманның қабылдауына жазылу; Негізгі ақпарат алу; Дәрігерді үйге шақыру; Дәрігерлердің жұмыс кестесі туралы ақпарат алу; Сұраныс немесе...
Read more2024 жылғы 19 қазанда ШҚО ДСБ "Өскемен қаласының 1 емханасы" ШЖҚ КМК-да сағат 09:00 - 13:00-ден бастап сүт безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалау және алдын алу бойынша Ашық есік күні...
Read more16 қазанда қала мектептерінің 3 және 30 оқушыларының ата-аналарымен 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау және АПВ алдын алу бойынша кездесулер өтті. 1-емхананың дәрігерлері, онколог Гүлнара Жұмағалиева және эпидемиолог Ахтанова Гүлдарай қыздардың...
Read moreДүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясында 10 қазанда 1-емхананың әлеуметтік психологиялық қызметінің мамандары "жұмыс орнындағы психикалық денсаулық"ұранымен қызметкерлер үшін тренингтер мен халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл бастаманың мақсаты-кәсіби ортадағы психикалық...
Read moreШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК 2024 жылы 8 қазан мен 8 қараша аралығында сыбайлас жемқорлық тауекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды! Сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда 25-65-34 телефон / эл.почта:...
Read moreБіздің невропатолог Алтын Дауытбекқызы Шыныбаеваның атына қала тұрғыны тағы бір жылы пікір мен алғыс айтты. «Невропатолог А.Д. Чыныбаеваға еңбегі, білікті кеңестері және сауатты рецептілері үшін алғыс айтамын, №1 емхананың барлық қызметкерлеріне...
Read moreДәрігер - ең жауапты және қиын мамандықтардың бірі, өйткені біздің денсаулығымыз көбінесе оның дер кезінде және білікті әрекетіне байланысты. Құрметті әріптестер, сіздерді Халықаралық дәрігерлер күнімен құттықтаймын! Сізге берілгендігіңіз, табандылығыңыз, жоғары біліктілігіңіз...
Read moreШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК МСАК бөлімшесі дәрігерлерінің қабылдау кестесі Расписание приема врачей отделения ПМСП КГП на ПХВ «Поликлиника № 1 г.Усть-Каменогорск» УЗ ВКО УЧ № уч Дәрігер аты-жөні ФИО врача Каб № каб 16.09.2024 17.09.2024 18.09.2024 19.09.2024 20.09.2024 ВОП №2 12ВОП Куанышева А.К. 19 Дети 08.00-10.00 08.00-10.00 08.00-10.00 08.00-10.00 08.00-10.00 302 Взрослые 10.00-13.00 10.00-13.00 10.00-13.00 10.00-13.00 10.00-13.00 14ВОП 18ВОП Серикпаева А.Н 21 Дети 15.00-17.00 08.00-10.00 13.00-15.00 08.00-10.00 13.00-15.00 Взрослые 17.00-20.00 10.00-13.00 15.00-18.00 10.00-13.00 15.00-18.00 11ВОП Құрманбекова...
Read more
Тақырып: «Қант диабеті».
«Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК эндокринолог-дәрігері Муса Алматүл Кенжебайқызы
Қант диабеті –бұл, ұйқыбезі гормоны – инсулиннің абсолюттік немесе қатысты жетімсіздігі салдарынан, қан құрамында қант деңгейінің созылмалы артуымен сипатталатын эндокриндік ауру. Ауру зат алмасудың барлық түрлерін, тамыр, жүйке жүйесі, сондай-ақ басқа жүйелер мен органдарды бұзуға әкеліп соғады.
Жіктемесі:
Ерекшеленеді:
1. Инсулинге тәуелді диабет (қант диабеті 1 түрі) негізінен балалар мен жас адамдарда дамиды;
2. Инсулинге тәуелді емес диабет (қант диабеті 2 түрі) әдетте 40-тан асқан, артық салмағы бар адамдарда дамиды. Бұл аса таралған аурудың түрі (80-85% жағдайда кездеседі);
3. Екінші қайтара болған қант диабеті;
4. Жүкті әйелдердің диабеті.
5. Тамақтанудың жеткіліксіздігінен болатын, диабет
1 түрдегі қант дибетінде, ұйқы безі жұмысының бұзылуына байланысты инсулиннің абсолюттік жетімсіздінен болады.
2 түрдегі қант диабетінде инсулиннің қатысты жетімсіздігі байқалады. Ұйқы безінің тіндері бұл кезде инсулинді (кейде тіпті артық мөлшерде) жеткілікті бөледі. Алайда, тіннің бетіндегі құрылым мөлшері азайған немесе қоршалған, бұл оның тінмен байланысын қамтамасыз етеді және глюкозаның қаннан тіннің ішіне түсуіне көмектеседі.
Тіндердегі глюкозаның жетімсіздігі инсулиннің одан да көп бөлінуі үшін дабыл болып табылады, бірақ бұл нәтиже бермейді, және уақыт өте келе инсулин өнімі біртіндеп азая түседі.
Себептері:
1 түрдегі қант дибетінің негізгі себебі ұйқы безінің тіндерін бұзатын, оған қарсы ағзада антитела бөлінетін, иммундық жүйенің жаңылысынан болатын, аутоиммундық процесс болып табылады. 1 түрдегі дибеттің пайда болуын қоздырудың басты факторы, бұл ауруға генетикалық бейімділік фонындағы вирустық инфекция (қызылша, желшешек, гепатит, эпидемиялық паротит т.б.) болып табылады.
Құрамында селен бар биоқоспаларды жиі қабылдау, екінші түрдегі қант диабетінің дамуына тәуекелділікті арттырады.
2 типтегі қант диабетінің дамуын қоздыратын негізгі факторлар екеу: семіздік және тұқым қуалаушылық:
1. Семіздік. Семіздіктің І дәрежесі болған кезде қант диабеті дамуының тәуекелі 2 есе, ІІ дәрежесінде – 5 есе, ІІІ дәрежесінде – 10 еседен артық артады. Аурудың дамуына семіздіктің абдоминалдық түрі – май іштің аумағына тарағанда көп байланысты болады.
2. Тұқым қуалаушылық. Ата-анасында немесе жақын туыстарында қант диабеті болғанда, ауру дамуының тәуекелдігі 2-6 есеге арта түседі.
Инсулинге тәуелді диабет біртіндіп дамиды және белгілерінің қалыпты көрінуімен байқалады.
Екінші қайталаған диабеттің болу себептері:
· ұйқы безі аурулары (панкреатит, ісік, резекция және т.б);
· гармонды табиғат (Иценко-Кушинга синдромы, акромегалия, диффузиялы уытты жемсау, феохромоцитома) аурулары;
· дәрілер мен химиялық заттардың әсері;
· инсулин рецепторының өзгерулері;
· анықталған генетикалық синдром т.б.
Тамақтың жеткіліксіздігінен болатын диабет және жүкті әйелдердің қант диабетін жеке бөледі.
Не болады?
Диабеттің пайда болуына қандай себептер болуына қарамастан, салдары біреу:
ағза аспен түсетін глюкозаны (қант) толық көлемде пайдалана және оның артығын бауыр мен бұлшықеттерде қорлай алмайды.
Артық мөлшерде пайдаланылмаған глюкоза қанда (жартылай несеппен шығады) айналады, бұл барлық органдар мен тіндерге қолайсыз есер етеді. Өйткені, глюкозаның тінге түсуі жеткіліксіз, энергия көзі ретінде майларды пайдалана бастайды. Нәтижесінде, әсіресе бас миына, ағзаға артық мөлшерде кетондық дене деп аталатын уытты зат пайда болып, май, ақуыз және минералды алмасулар бұзылады.
Қант диабетінің симптомдары:
· шөлдеу (науқастар тәулігіне 3-5л және одан да артық сұйық ішуі мүмкін);
· жиі кіші дәретке (күндіз де түнде де) бару;
· ауыздың құрғауы;
· жалпы және бұлшықеттің әлсіздігі;
· тәбеттің жоғарылығы;
· терінің (әйелдерде әсіресе жыныстық мүшелері) қышуы;
· ұйқы басу;
· жоғары шаршағыштық;
· жараның нашар бітуі;
· 1 түрдегі қант диабетімен ауыратын науқастардың бірден арықтауы;
· 2 түрдегі қант диабетімен ауыратын науқастардың семіруі.
1 түрдегі (инсулинге тәуелді) қант диабеті әдетте, жылдам, кейде аяқ астынан дамиды. Инсулинге тәуелді диабет біртіндеп дамиды және белгілерінің қалыпты білінуімен ерекшеленеді.
Қант диабетінің асқынуы:
· жүрек-тамыр аурулары (тамырлардың атеросклерозы, жүректің ишемиялық ауруы, микард инфарктісі);
· перифериялық артерия атеросклерозы, оның ішінде аяқ артериялары;
· аяқтардың микроангиопатия (ұсақ тамырлардың зақымдануы);
· диабеттік ретинопатия (көз көруінің төмендеуі);
· нейропатия (сезімталдықтың төмендеуі, тері қабаттарының құрғауы және қабыршықтануы, аяқтарда болатын ауру мен тартылу;
· нефропатия (несеппен ақуыздың бөлінуі, бүйрек қызметінің бұзылуы);
· диабеттік табан – перифериялық жүйкенің, тамырлардың, терінің, жұмсақ тіндердің зақымдануынан табанның ауруы (жара, іріңді-некротиялық процестер);
· әртүрлі инфекциялық асқынулар (терінің жиі іріңдеп зақымдануы, тырнақ зеңдері т.б.);
· комалар (диабеттік, гиперосмолярлық, гипогликемиялық).
Бірінші түрдегі қант диабеті кейде әлсіздікпен, іштің ауруы, құсу, ауыздан ацетон исінің шығуымен көрінетін, жағдайының бірден төмендеуі. Бұл қанда уытты кетон (кетоацидоз) денесінің жинақталуы. Егер бұл жағдайды жылдам жоймаса, науқас есінен танады – диабеттік кома – және өліп кетуі мүмкін. Комотоздық жағдай инсулинді артық қолданған кезде және қанда глюкоза деңгейінің бірден төмендеуінен – гипогликемиялық кома кезінде пайда болады.
Қант диабетінің асқынуының алдын алу үшін үнемі емдеу және қан құрамындағы қанттың деңгейін ұқыпты бақылау қажет.
Қант диабетімен ауыратын науқас эндокринолог дәрігерде есепте тұруы тиіс.
Қант диабетін емдеуге кіретіндер:
· арнайы диета
· қандағы қант деңгейін төмендететін таблеткалар қабылдау. Әдетте, екінші түрдегі қант диабетін емдеуді осындай препараттардан бастайды. Ауру күшейе түскен кезде инсулинді тағайындау қажет.
Қант диабетімен ауыратын науқастарға дене жаттығулары пайдалы. Семіз пациенттерге салмағын төмендету емдік рөл атқарады. Өзіні өзі бақылау және дәрігердің ұсыныстарын нақты орындау аурулардың асқынуын болдырмауға және барынша төмендетуге мүмкіндік береді.
Орындаған: №2 КДБ аға медбикесі Н.Д. Павлова
Келісілді: №2 КДБ меңгерушісі А.С. Осколков