ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК
Ауэзова даң., 18
+7(7232) 48-91-57
+7778-003-71-43
Потанина көш., 4
+7(7232) 76-62-28
+7 (7232) 70-09-92
Протозанова көш., 1
+7(7232) 61-31-94
Балалардың қауіпсіздігі – ортақ мақсат, тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз өскелең ұрпақтың бейбіт және қауіпсіз балалық шақтарын қамтамасыз ете аламыз.
Соңғы жылдары кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалар көбейіп, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызуда. Осы жағдайға байланысты Өскемен қаласындағы №1 емхана қызметкерлері тамыз айының басында ата-аналардың бала қауіпсіздігі туралы хабардарлығын арттыру мақсатында кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Жарақат алудың негізгі себептері ата-аналармен талқыланды: балаларды жеткіліксіз қадағалау, көшеде қауіпті ойындар, қауіпті заттарды пайдалану, қауіпті суға түсу орындары, ашық терезелер және т.б. Сарапшылар балаларға үйде және сыртта қауіпсіз ортаны құру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Сонымен қатар, оқыс оқиғалардың алдын алу және төтенше жағдайларда не істеу керектігі туралы пайдалы ақпарат жазылған буклеттер таратылды.
Ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмай, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға белсенді атсалысса, мұның бәрі қайғылы оқиғалардың санын азайтып, балаларымыздың денсаулығын сақтауға септігін тигізетініне сенімдіміз
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА